АймақБас тақырып
Қарағандыда жаңа камера: Назарбаев даңғылында жылдамдық қатаң бақыланады
Қарағандыда жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Қаланың орталығында, Назарбаев даңғылы, 32 мекенжайында жаңа жылдамдық өлшегіш құрылғы орнатылып, 16 сәуірден бастап іске қосылды.

Полиция департаментінің мәліметінше, аталған учаскеде рұқсат етілген жылдамдық – сағатына 40 шақырым. Жаңа құрылғы жол қозғалысы ережелерінің сақталуын бақылап, құқықбұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.
Құзырлы орган жүргізушілерді белгіленген талаптарды қатаң сақтауға, жылдамдықты асырмауға және жолда қауіпті жағдайлар туғызбауға шақырады. Бұл – тек айыппұлдан құтылу ғана емес, ең алдымен адам өмірінің қауіпсіздігі үшін маңызды.
Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz



