Жаңалықтар

Қарағандыда жүк көліктерінің қосалқы бөлшектерін ұрлаған

Қарағанды қалалық полиция бөліміне қарасты «Михайловка» полиция бөлімшесіне жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бірінің директоры өзіне тиесілі серіктестіктің өндірістік базасынан жүк көліктерінің қосалқы бөлшектерінің жоғалғаны туралы арызбен шағымданған. Келтірілген шығын көлемі 600 мың теңгені құрады.

Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 38 жастағы ер адам мен 32 жастағы әйел адам ұсталды.

Олар ұрланған заттарды сатпақшы болғаны туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабына (Ұрлық) сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button