Қарағанды

Қарағандыдағы «Таир» ірі сауда орталығынан өрт шықты

Қарағанды Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 2 қазан таңғы сағат 4-тер шамасында Бұқар Жырау 88/1 мекенжайында орналасқан «Таир» сауда орталығынан өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен.

 

120 шаршы метр аумақтағы шатыр мен қабырға өртенді. Жедел шаралар барысында 05:09-да өрт ауыздықталды. Қызыл жалынның ғимарат ішіне таралуына жол берілмеді.
Зардап шеккендер жоқ.

Басқа материалдар

Back to top button