Бас тақырыпЖаңалықтар

Қарағандыда Талғат Бигелдинов атындағы әскери колледж ашылады

Бұл туралы Қорғаныс министрлігі мәлімдеді. Министрліктің  мәліметінше, биыл Қарағандыда Талғат Бигелдинов атындағы әскери колледж ашылып, студенттерді қабылдайды. Аталмыш колледжге конкурс негізінде 9-сынып түлектері оқуға түсе алады.

Сурет:ОКҚ

Болашақ әскери қызметшілер даярланатын мамандықтар:

• Зымыран әскері және артиллерия бөлімшелерін басқару;

• Киім-кешекпен қамтамасыз ету;

• Азық-түлікпен қамтамасыз ету;

Әскери колледжде оқудың артықшылықтары:

• Мемлекеттік стипендия;

• Әскери ант қабылдау және әскери билет алу;

• Оқу кезеңінде әскери қызметке арналған келісімшарт;

• Оқуды аяқтағаннан кейін 10 жыл әскери қызмет кепілдігі;

• Техникалық және кәсіптік білім туралы мемлекеттік үлгідегі диплом;

• “Кіші сержант” әскери атағы беріледі;

• ҰБТ тапсырмай-ақ әскери институттарға қысқартылған мерзімде оқуға түсу мүмкіндігі (конкурс негізінде).

Колледжді аяқтағаннан кейін түлектер:

• Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде;

• ҰҚК Шекара қызметінде;

• ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінде;

• Мемлекеттік күзет қызметінде;

• Ұлттық ұлан қатарында қызмет ететін болады.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Back to top button