Бас тақырыпРесми

Қарағандыда шығарылған болаттан қазақстандық автобөлшектер өндіріледі

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының автомобиль өндірісін локализациялауды тереңдету жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында бір ай ішінде елімізде автобөлшектер өндірісін құру жоспарын әзірлеуді тапсырды.

Суреттер Qarmet сайтынан

– Елімізде заманауи талаптарға сай келетін автобөлшектердің жергілікті өндірісін жолға қою – маңызды бағыт. Ол үшін қосалқы бөлшектер өндірісінде қолданылатын отандық материалдардың түрлерін кеңейту қажет. Мәселен, Қарағанды облысындағы Qarmet компаниясы автобустар мен жүк көліктері үшін арнайы болат маркаларын шығаруда. Келесі кезеңде жеңіл автомобильдерге арналған болат өндірісін қолға алу қажет. Сонымен қатар мыс, алюминий, хромды терең өңдеу, резеңке, пластик, кабель және басқа да өнім түрлерін дамыту саласында да үлкен әлеует бар. Осыған байланысты Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне салалық кәсіпорындармен бірлесіп, бір ай ішінде автобөлшектер өндірісін құру бойынша тиісті жоспарды әзірлеуді тапсырамын, – деп атап өтті Олжас Бектенов.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button