Жаңалықтар

Қарағандыда салмағы 6 келі сәби дүниеге келді

Облыстық №1 перинаталдық орталығында салмағы 6 келі 200 грамм сәби дүниеге келді. Жаңа туған нәрестенің салмағы ата-анасы мен дәрігерлерді таң қалдырды.

Дәрігерлер баланың үлкен болатынын білген, өйткені анасының екінші баласының салмағы 4 келі 600 грамм болған. Алайда, үшінші сәбиі алдыңғыларын басып озып, салмағы 6 келі 200 грамм болды.

– Босану кезінде қиындық болды, алайда бригада жедел жұмыс істеді. Қазір дәрігерлер ананың да, сәбидің де жағдайын қанағаттанарлық деп бағалайды,- деп хабарлайды медициналық мекеме.

2023 жылдың басынан бастап №1 перинаталдық орталықта салмағы 4 келіден асатын 174 ірі бала дүниеге келді, ал 9 алып бала 5 келі және одан да көп салмақтармен дүниеге келген.

Сонымен қатар, дәрігерлер барлық жүкті әйелдер жүктілік кезінде салмағын бақылап, дәрігерлердің барлық ұсыныстарын орындауы керек, қажет болған жағдайда диета ұстауы керек деп ескертеді. Үлкен салмақпен босану нәресте мен ана үшін қауіпті болып табылады.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button