Руханият
Дәстүрлі әнші Ришат Шабденовтің шығармашылық кеші өтеді
Бүгін, 7 қараша сағат 18.30-да Кеншілер мәдениет сарайында Республикалық конкурстардың лауреаты Ришат Шабденовтің «Халқымның қалықтатсам ән мұрасын…» атты шығармашылық кеші өтеді.
Шығармашылық кеште Қазақстанның Халық әртісі Рамазан Стамғазы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Дәуренбек Әркенов, Республикалық конкурстардың лауреаттары Дулат Аханов, Нұрлытаң Ермек, Тәттімбет атындағы академиялық қазақ халық аспаптары оркестрі (көркемдік жетекшісі ҚР еңбек сіңірген қайраткері Әбдуғалисын Шоқанбаев) өнер көрсетеді деп күтілуде.
Билеттерді ticketon.kz сайтынан алуға болады.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz