Қарағандыда Отан қорғаушылар күні кең көлемде аталып өтеді
Қарағанды облысында Отан қорғаушылар күніне орай әскери қызметшілерді, құқық қорғау органдары мен құтқару қызметтері өкілдерін құрметтеуге бағытталған ауқымды іс-шаралар кешені жоспарланған.

«Астана» және «Орталық» өңірлік қолбасшылықтарының әскери бөлімдерінде жастар мен жоғары сынып оқушыларына арналған ашық есік күндері ұйымдастырылады. Іс-шара барысында қонақтар әскери қызметтің тыныс-тіршілігімен танысып, экскурсиялар мен танымдық кездесулерге қатыса алады.
Сонымен қатар, өңірде «Отанды қорғау – ар-намыс ісі» ұранымен әскерге шақырылушыларды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтеді.
Қарағанды қаласында мерекелік бағдарламалар бірнеше алаңда ұйымдастырылады:
Орталық саябақта:
12:00 – ҚР 31775 әскери бөлімінің «Астана» оркестрі, «Сарыарқа» квартеті;
13:00 – Қали Байжанов атындағы КҰ «Арай» ансамблі;
14:00 – Саран қаласының үрмелі оркестрі;
14:30 – Теміржолшылар мәдениет сарайының үрмелі аспаптар оркестрі.
Теміржолшылар мәдениет сарайында:
- 12:00 – «Батырлық рухы» атты мерекелік бағдарлама.
Жаңа Майқұдық мәдениет үйінде:
- 12:00 – «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран» концерттік бағдарламасы.
«Молодежный» мәдениет үйінде:
- 10:00 – «Ерлік пен өнеге» атты патриоттық әндер байқауы.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА
Ortalyq.kz



