Бас тақырып

Қарағандыда оқушылардың жазғы демалысы қалай ұйымдастырылуда?

Қарағандыда 41 360 баланың жазғы демалысы ұйымдастырылды. Оқушылар мектеп жанындағы лагерьлерде және қала сыртында демалады. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Биыл  «Салют» балалар сауықтыру орталығы екі мыңға жуық баланы қабылдайды. Балаларды қабылдау 10 маусымда басталады. Барлығы 12 күннен төрт маусым жоспарланған. Лагердегі ас мәзірі  Бұқар жырау ауданының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасымен бекітілген. Сонымен қатар, орталық жаз бойына ыстық сумен қамтамасыз етіледі.  Легерьдегі тұрғын және шаруашылық корпустар жөнделген. Алғашқы ауысымның ашылуы алдында онда толық тазалау жұмыстары өткізіледі, ауладағы ағаштар әктеліп, баннер мен таяқшалар жаңартылады.

Қарағандының балалар мен жасөспірімдер сарайы Қарқаралыдағы «Медик» демалыс орнында 250 мектеп оқушысы үшін демалыс ұйымдастырады.
Тағы 160 бала – зияткерлік және спорттық сайыстар мен олимпиада жеңімпаздары қала сыртындағы лагерьге барады.
Көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан 10 бала 24 сәуір мен 17 мамыр аралығында Алматыдағы «Бөбек» сауықтыру орталығында демалып келді.
19 мамыр 11 маусым аралығында 50 оқушы Қапшағайдағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығына барады.
Сонымен қатар, осы жазда Қарағандыда мектеп жанынан 225 лагерь ашылады. Оларға 17 мыңнан астам бала барады деп жоспарлануда. Бірінші маусым 1-ші маусымда басталады.
Жазғы демалыс кезінде 165 жасөспірім «Жасыл ел» жастар жасағында еңбек ете алады.

Басқа материалдар

Back to top button