Медицина

Қарағандыда медициналық оңалту көмегі халыққа қолжетімді

Қарағанды облысында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру енгізілгеннен кейін оңалту көмегі халыққа қолжетімді болды. Екінші жыл қатарынан Қарағандыда № 1 көпсалалы ауруханада оңалту бөлімшесі жұмыс істейді, онда инсульттан, ауыр жарақаттан және операциядан кейін пациенттер тәулік бойы 15 төсектік стационарда қалпына келтіру емінен өтуі мүмкін.

– МӘМС жүйесі медицинаның өте маңызды бағыты – оңалтуды дамытуға мүмкіндік берді. Бұрын физиотерапия, массаж – бұл негізі ақылы қызметтер, адамдар ақылы түрде оңалтудан өтетін немесе мүлдем өте алмайтын, – дейді Қарағанды қаласының № 1 көпсалалы ауруханасы директорының орынбасары Дмитрий Матюшко. – Науқастың өмірін сақтап қана қоймай, оның қалпына келуіне көмектесу өте маңызды. Мысалы, инсульттан кейін сөйлеуді, моториканы, ұсақ моториканы қалпына келтіру керек. Қазір медицина қызметкерлері мен халық егер сіз сақтандырылған болсаңыз, онда бұл оңалтудан МӘМС есебінен өтетінін біледі.

Жаңа бөлімшенің ашылуы пациенттердің оңалту қызметтеріне деген қажеттілігін жабып қана қоймай, медициналық ұйым есебінен мамандарды оқытумен жаңа тұрақты жұмыс орындарын құруға мүмкіндік берді. Қазір оңалту бөлімшесінде үш реабилитолог, медбике штаты, ЕДШ нұсқаушылары, № 1 ЖБ тағы бір дәрігер-реабилитолог резидентурада оқиды.

– Пациенттер үшін бізде толық цикл қарастырылған: инсульт орталығы, травматология және ортопедия бөлімі бар. Оңалтудың бірінші кезеңін пациенттер негізгі ауруын емдеу кезінде алады, содан кейін оңалту бөліміне ауыстырылады, – деп атап өтті Дмитрий Матюшко. – Үйге барып, порталға тұрудың қажеті жоқ. Бізде науқасты реабилитолог тексереді. Егер оңалту әлеуеті болса және адам сақтандырылған болса, бейінді бөлімшеден шыққаннан кейін ол оңалту бөлімшесіне түседі және 10–14 күн ішінде қалпына келтіру емінен өтеді. Біз өзімізді порталға қоямыз, тексеруді қамтамасыз етеміз.

Өткен жылы №1 көпсалалы ауруханада 2-ші және 3-ші кезеңдерде әртүрлі диагноздары бар 400-ге жуық пациент оңалтудан өтті. Оңалту бойынша көрсетілген көмек үшін медициналық сақтандыру қоры ауруханаға 81,7 млн теңге төледі. Биылғы жылдың 1-тоқсанында 108 адам оңалтудан өтті, қор осы қалпына келтіру емін төлеуге 23,9 млн теңге бағыттады. Бір науқасты емдеу курсына орта есеппен 200 мың теңгеден астам қаражат жұмсалады.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button