Бас тақырыпЖаңалықтар
Қарағандыда ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелеріне үкім шықты
Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі 2022 жылы бірнеше ауыр қылмыс жасаған ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелеріне шығарылған үкім туралы хабарлады.

Қайсаров, Кукумбаев, Малғаздар, Сапаров, Әбішев, Мұхамединов, Васенин, Хачатурян бастаған сегіз адамға ұйымдасқан қылмыстық топ құрды және оған жетекшілік етті деген айып тағылған. Тергеу анықтағандай олар атыс қаруын заңсыз сақтап, адам өлтіруге оқталған, билік өкілінің өмірі мен денсаулығына зиян келтіріп, кісі тонаған.
Сот үкімімен ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелеріне 4 жылдан 21 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.