Жаңалықтар

Қарағандыда энергетикалық сусын сататын «фирма қызметкері» қамауға алынды

Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты «Михайловка» ауданы полиция бөліміне 5 сауда орнының өкілдерінен арыз түсті. Олардың барлығы да белгісіз бір алаяқтың құрбаны болған. Алаяқ жүйелі жұмыс жасаған. Ол сауда орындарына барып, өзің энергетикалық сусын шығаратын фирманың өкілімін деп таныстырған.

Содан сауда нүктелеріне жарамдылық мерзімі өтіп кеткен сусындар әкеліп, оны алып кетіп, орнына пайдалану уақыты өтпеген сусын әкелемін деп алдап соққан. Келтірілген шығын көлемі 100 мың теңгені құрады.

Аталған деректер бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-бабына сәйкес, қылмыстық іс қозғалды.

Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 33 жастағы азамат ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін берді. Қылмыстық істі тергеу барысында полиция қызмектерлері күдіктінің көпқабатты үйлердің бірінің дәлізінен құны 100 мың теңге тұратын балалар арбасы ұрлығына қатысы барын анықтады.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынып, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button