АймақБас тақырып

Қарағандыда биыл 1,6 миллионнан астам гүл отырғызылады

Мейрам Кожухов әлеуметтік желідегі парақшасында Қарағандыны көгалдандыру жұмыстары туралы мәлімдеді.

Қала әкімінің айтуынша, биыл Қарағандыда 1,6 миллионнан астам гүл отырғызу жоспарланып отыр. Олардың басым бөлігі – біржылдық гүлдер. Атап айтқанда, петунья мен барқытгүл егіледі. Сонымен қатар шамамен 23 мың көпжылдық өсімдік, оның ішінде раушан, астра, шалфей және лиатрис отырғызылады. Сондай-ақ қаланы көгалдандыру аясында 7 мыңға жуық бұта, оның ішінде барбарис, гортензия және спирея егілмек.

Бүгінде қала аумағында тұрғындарға жақсы таныс 100 металл гүл композициясы орнатылған. Бұдан бөлек, алғашқы гранитті гүлзарлар пайда болған. Қазір олардың саны сегізге жеткен. Әкімнің сөзінше, жоба пилоттық форматта жүзеге асырылып жатыр. Егер нәтижесі оң болса, алдағы уақытта жалғасын табады.

Сонымен қатар саябақтар басқармасы ағаштан арнайы гүл конструкцияларын өз күшімен дайындауда. Гүлдер саябақтар мен скверлерде ғана емес, қала көшелері мен қоғамдық орындарда да отырғызылмақ.

Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button