Қарағандыда бүлдіршін сірке суын ішіп қойды

Қарағандыдағы облыстық балалар ауруханасына сірке суын ішіп қойған 3 жастағы бүлдіршін жеткізілді.

Белгілі болғандай бүлдіршін балабақшада жүріп сірке суын ішіп қойған. Әзірге, баланың сірке суына қалай қол жеткізгені анықталған жоқ. Баланың ауыз қуысы мен өңеші күйіп қалған. Бүгінде облыстық клиникалық балалар ауруханасына жатқызылып, ем-дом жасалуда. Дәрігерлер бүлдіршіннің өмірін сақтап қалуға күш салуда.

Жазатайым оқиға жеке балалар балабақшасында орын алған.

Өз тілшімізден.