Жаңалықтар

Қарағандыда аулада тұрған «Гелендваген» көлігі жанып кетті

Қарағандыда Гапеев көшесінде ашық оттың салдарынан «Mercedes-Benz G 500» көлігінде газ қондырғысы жарылған. Жоғары температура жақын маңдағы көлікті де зақымдады. 

Сурет; төтенше жағдайлар департаментінен

– 27 қаңтар күні сағат 04:06-да  автокөліктің өртенгені туралы хабарлама түсті. «Mercedes-Benz G 500» маркалы автокөлігінің қозғалтқыш бөлігі, панелі және ішкі әрлеуіндегі жанғыш бөлшектер жанып кетті. Жоғары температурадағы өрт салдарынан жақын маңдағы «Volkswagen Passat» көлігі де  зақымданды. Өрт сөндіру қызметі келгенге дейін «Mercedes-Benz G 500» автокөлігінде орнатылған газ жабдығынан газ-ауа қоспасы жарылған. Өрттің шығу себебі ашық от көзінен болған. Өрт сағат 04:19-да сөндірілді. Зардап шеккендер  жоқ, – деп хабарлады  төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button