АймақБас тақырып

«Қарағанды – Жезқазған» автожолының құрылысына 650 млрд теңге бөлінеді

Қазақстан делегациясының Вашингтонға сапары барысында Дүниежүзілік банктің штаб-пәтерінде «Қарағанды – Жезқазған» автожолын салуды қаржыландыру туралы келісімге қол қойылды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Сурет ҚР Үкіметі

Келісім «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ, Халықаралық қайта құру және даму банкі және Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі арасында жасалды.

Жоба көлік инфрақұрылымын дамытуға, транзиттік әлеуетті арттыруға және өңірлер арасындағы байланысты жақсартуға бағытталған. Жаңа жолдың іске қосылуы жол жүру уақытын едәуір қысқартып, қозғалыс қауіпсіздігін арттырады әрі Орталық Қазақстанның дамуына қосымша серпін береді деп күтілуде.

Қазіргі таңда конкурстық рәсімдер аяқталуға жақын. Автожолдың ұзындығы 457 шақырымды құрайды, ал қарыз көлемі 650 млрд теңге. Биыл жолды жобалау және құрылыс жұмыстары басталады. Сонымен қатар жоба логистиканы дамытуға, өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.

Құрылыс жұмыстары жақын уақытта басталады деп жоспарланып отыр.

Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button