Бас тақырыпТарих

Қарағанды жастары экспедицияға аттанады

Қарағанды облысында Жастар жылы аясында «Ұлытау – Алтын Орда бесігі» атты ғылыми-танымдық экспедиция өтеді. Алтын Орданың 750 жылдығына арналған жоба «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша жүзеге асырылуда. Ол сондай-ақ, Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында қойылған міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған.


Жеті күндік турда бір топ жастар Алтын Орда дәуіріндегі ескерткіштерді аралап қайтады. Экспедиция құрамына жас тарихшылар, географтар, өлкетанушылар, студенттер, журналист-блогерлер, суретшілер кіреді.
Сапар барысында бейнетүсірілім жүргізіледі. Болашақта Алтын Орда тарихына арналған қысқа метражды фильм шығару жоспарлануда. Экспедиция қорытындысы бойынша фотоальбом, карталар мен буклеттер шығарылады.
Бағдарламаға сәйкес, экспедиция бағыты Хан Ордасы қалашығына, Жошы хан, Алаша хан, Аяққамыр, Болған Ана, Белен Ана, Құлан Ана кесенелеріне және басқа да киелі жерлерге баруды қамтиды. Шараға қатысушылар Алтыншоқы шыңына, Басқамыр және Аяққамыр тауларына көтеріліп, Теректі әулие археологиялық кешеніне барады.
Естеріңізге сала кетейік, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Ұлытау-2019» халықаралық туристік форумында бұл аймақ әлемдік деңгейдегі этнографиялық туризмнің орталығына айналуы тиіс екенін мәлімдеген болатын.

Басқа материалдар

Back to top button