Қарағанды зауыты қара үзді

    Қарағандылықтар бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсының жеңімпазы атанды.Биылғы жылдың 6 желтоқсанында Астана қаласында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ қатысуымен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз – 2017» конкурсының лауреаттарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Конкурс осы жылы оныншы рет өткізіліп отыр. Биыл конкурста Қарағанды қаласын 6 кәсіпорын таныстырды. Олар – «Қарағанды ГИИЗжК» ЖШС, «Центргеосъемка» ЖШС, «Қарағанды Су» ЖШС, «Қарағанды металл құрылымдар зауыты» ЖШС, «Талант-менеджмент» Тұлғаны зерттеу және дамыту орталығы» ЖШС және «Дарынды бала» балалар бақшасы» ЖШС.

Орта және шағын кәсіпкерлік субъектісі ретінде, «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» номинациясындағы алтын сыйлық «Қарағанды металл құрылымдар зауыты» ЖШС-ге тапсырылды.

Металл құрылымдар зауыты Қарағанды қаласының байырғы кәсіпорындарының бірі. 1968 жылдан бері кәсіпорын, негізі, балалар велосипеді, серуенге арналған бесік-арба, балалар шанасы сияқты балалар ассортименті тауарларын, сондай-ақ, түрлі түрленімдегі жүк арбалар шығарумен айналысып келеді. Зауыт өнімдері, әсіресе, балалар велосипеді, Қазақстанда ғана емес, Ресей, Өзбекстан, Түркіменстан және басқа елдерде де жоғары сұранысқа ие.

Қазіргі уақытта зауыт тұрақты режимде жұмыс істейді және табысты дамып келеді. Жұмыс барысында қызметкерлердің денсаулығын сақтауға мүмкіндік беретін, еңбекті қорғау мен техника қауіпсіздігін сақтауды қамтамасыз ететін жұмыстар зауытта маңызды орын алады.

Басшылық пен ұжымның үйлесімді жұмысының нәтижесінде, зауыт бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз – 2017» конкурсының «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» номинация­сындағы алтын сыйлықты иеленді.

Қала әкімінің

баспасөз қызметі.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.