АймақҚарағанды

Қарағанды ТЖД басшысы жоғары әскери атаққа ие болды

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Сурет Ақорда

Жарлыққа сәйкес, әскери және қызметтік борышын атқару кезінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы, сондай-ақ елдің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін нығайтуға, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан елеулі үлесі үшін бірқатар азаматтар мемлекеттік наградаларға ие болды.

Марапатталғандар қатарында Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Марғұлан Аманбаевқа жоғары кәсібилігі мен үлгілі қызметі үшін генерал-майор әскери атағы берілді.

Бұл шешім оның азаматтық қорғау саласындағы ұзақ жылғы еңбегі мен өңірдегі төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бағытындағы тиімді жұмысын айқындай түседі.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button