Жаңалықтар

Қарағанды,Теміртау, Балқаш және Жезқазған ең лас қалалар тізіміне енді 

Қарағанды облысының 4 қаласы атмосфераның ластану деңгейі жоғары елді мекендер тізіміне енді.

2018 жылдың қорытындысы бойынша экологиялық мониторинг жасаумен “Қазгидромет” РМК қызметкерлері айналысқанҚарағанды, Теміртау, Балқаш және Жезқазғаннан басқа, Қазақстанның ең лас елді мекендері тізіміне Астана, Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Өскемен, Алматы, Екібастұз, Петропавл және Бейнеу кентін қосты. Жарияланған есеп бойынша, олардың атмосферасында азот диоксиді, көміртегі оксиді, күкірт диоксиді, формальдегид, күкірт сутегі, фенол және аммиак басым.

Зиянды заттардың болуы қалалық автожолдардың  көлікке толы болуына, өнеркәсіп кәсіпорындарынан эмиссиялардың таралуына, сондай-ақ атмосфералық кеңістіктің нашар желдетілуіне байланысты.

Сонымен қатар, 2018 жылы Қарағандыда атмосфералық ауаның жоғары ластануының 113 жағдайы тіркелді, Балқаш – 8, Жезқазған – 7, Теміртау – 2.

Басқа материалдар

Back to top button