Ресми

«Қарағанды Су» компаниясына жаңа басшы тағайындалды

«Қарағанды Су» ЖШС бас директоры қызметіне осы тағайындауға дейін Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы қызметін атқарған Ербол Төлеуов тағайындалды.

Ербол Төлеуов – Қарағанды облысының тумасы. Әр жылдары Қарағандыда «Водоканалсбыт» ЖШС директоры, Астанада “ҚР СІМ ШАРБ” РМҚК директорының орынбасары, кейін осы кәсіпорынның директоры, Астана қаласы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары, «Астана-Энергосервис» АҚ басқарма төрағасы, «Астана қалалық жарық» ЖШС директоры қызметтерін атқарды, Астананың отын-энергетикалық кешені мен коммуналдық шаруашылығы басқармасына жетекшілік етті.

Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары, Қазақстандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту және дамыту орталығының басқарма төрағасы болды.

Бұған дейін «Қарағанды Су» ЖШС бас директоры қызметін атқарған Жолдасбек Оңғарбаев компанияның бірінші басшысы қызметінен өз еркімен кетті.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button