АймақБас тақырып

Қарағанды шахталарында көмірді құрғақ байыту жобасы іске асуда

Қарағанды облысындағы Qarmet компаниясының шахталарында көмірді құрғақ байытуға арналған заманауи кешендер салу жобасы жүзеге асырылып жатыр. Бұл бастама өндіріс тиімділігін арттырып, экологиялық жүктемені азайтады.

Суреттер Qarmet

Компанияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, жоба «Шахтинск», «Қазақстан», «Абай» және Т. Күзембаев атындағы шахталарда қолға алынған. Жаңа кешендер көмірді өндіру барысында-ақ сапасын жақсартып, оны әрі қарай өңдеуге дайындайды.

Мини-фабрика форматындағы қондырғылар толық өндірістік циклді қамтиды. Әр кешеннің қуаты сағатына шамамен 300 тонна, ал автоматтандыру деңгейі жоғары.

Ерекшелігі – көмірді байытуда су қолданылмайды. Шикізат ауа ағыны арқылы тығыздық айырмашылығы негізінде бөлінеді. Бұл тәсіл шығынды азайтып, қоршаған ортаға әсерді төмендетеді.

Жоба аясында суды пайдаланбау сұйық қалдықтардың алдын алып, өндірістің экологиялық қауіпсіздігін арттырады. Сонымен қатар, көмірдің сапасы жақсарып, байыту фабрикаларының тиімділігі өседі.

Қазіргі уақытта жабдықтар жеткізіліп, кедендік рәсімдеуден өтуде. Алдағы кезеңде мамандар арнайы оқытудан өтеді.

Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button