Жаңалықтар

Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы тағайындалды

Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы қызметін енді Ербол Төлеуов атқарады. Осы тағайындауға дейін ол “Қазақстандық ТКШ жаңғырту және дамыту орталығы” АҚ Басқарма төрағасы болды.

Ербол Төлеуов – Қарағанды облысының тумасы. 1969 жылы Егіндібұлақ ауылында дүниеге келген. Үш жоғары білімі бар.

Еңбек жолын 1989 жылы бастаған. Жеке құрылымдарда жұмыс істеді. 2000 жылы Қарағандыда “Водоканалсбыт” ЖШС директоры болды. 2007 жылы Астана қ. “ҚР СІМ шаруашылық басқармасы” РМҚК директорының орынбасары болып тағайындалды, содан кейін осы ведомствоның директоры, Астана қаласы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы бастығының орынбасары, Астана қаласы энергетика және коммуналдық шаруашылық сумен жабдықтау және су бұру басқармасы бастығының орынбасары, “Астана  Энергосервис” АҚ Басқарма төрағасы, “Астана қалалық жарық” ЖШС директоры, Астана қаласы энергетика басқармасы басшысының орынбасары, Нұр-Сұлтан қаласы отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы, Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Министрінің кеңесшісі.

2021 жылдың наурыз айынан бастап осы тағайындауға дейін “Қазақстандық ТКШ жаңғырту және дамыту орталығы” АҚ Басқарма төрағасы болып жұмыс істеді.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button