Қарағанды облысының автожолдарында 63 адам құтқарылды

Қарағанды облысының төтенше жағдай бөлімшелері 17 сәуірге қараған түні автожолдарда авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізді.

Бұқар жырау ауданында «Қызылорда – Павлодар» автожолының 1024 шақырымында жолаушылары бар автобус кюветке ұшып кеткен.

Қарағанды – Өскемен бағыты бойынша жүретін автобус Қарағанды қаласынан 50 шақырым жерде тоқтаған. Бұл жерге Қарағанды облысы ТЖД құтқару күштері жіберілді. Құтқарушылар автобустан 38 адамды эвакуациялады.

Бұқар жырау ауданында, «Алматы-Екатеринбург» автожолының 1046 шақырымында, Теміртау қаласынан 12 шақырым жерде Қарағанды облысы ТЖД күшімен Астана – Шымкент бағыты бойынша жүріп бара жатқан техникалық ақаулы автобустан Теміртау қаласына 25 адам эвакуацияланды. Құтқарылған жолаушыларға медициналық көмек қажет емес.

Өңірдің ТЖД Қарағанды облысының аумағында дауылды ескерту бар екенін еске салады.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты автожолдардың бес учаскесінде автокөлік құралдарының қозғалысы шектетілді:

– «Екатеринбург – Алматы», 1353-1426 км, Ақмола облысының шекарасы-Теміртау қаласының төлем қабылдау пункті;

– “Қарағанды-Аягөз-Бұғаз”, 17 – 217 км, Қарағанды қ. – Қарқаралы қ.;

– “Астана-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау”, 51-266 км, Ақмола облысының шекарасы-Теміртау қаласы;

– “Қалқаман – Баянауыл – Үміткер-Ботақара”, 231-324 км, Павлодар облысының шекарасы-Ботақара кенті;

– “Қызылорда-Павлодар”, 967-1135.км, Қарағанды қ. – гр. Павлодар облысы;

ТЖД ескертеді:

– елді мекендерден тыс жерде жүрмеуге;

– жабық жерлерде жолдарда көлік кептелісін жасамау;

– мүмкіндігінше елді мекендерде, кемпингтерде, жол бойындағы кафелерде тұрақтауға;

– жолдардағы қозғалысты жабу немесе шектеу туралы ақпаратты қадағалаңыз;

Ауа райы жағдайының өзгеруі және жолдардың жай-күйі туралы жедел ақпарат «Дармен» мобильді қосымшасында, ТЖД әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында қолжетімді.

Оқиғалар мен төтенше жағдайлардың барлық фактілері туралы 112 немесе (8-7212) 43-36-36, 43-37-37 телефондарына хабарласыңыз.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.