Қарағанды облысындағы МӘМС жүйесінде 184 мыңнан астам тұрғын сақтандырылмаған

Қарағанды облысында МӘМС жүйесінде 184 мыңнан астам тұрғын сақтандырылмаған күйінде қалып отыр. Мәртебенің болмауына негізінен тұрақсыз жарналар мен аударымдар, сондай-ақ өткен кезеңдердегі берешек себеп болып табылады.

Наурыз айының басында өңірде 950 117 адам сақтандырылған. Медициналық сақтандыру жүйесінен тыс 184 756. Сақтандырылмағандардың негізгі пайызын (67,7 %) бірде-бір жарна төлемеген және МӘМС-ке аударымдар жасамаған азаматтар құрайды. Екінші орында – жұмыс берушілерден тұрақсыз жарналар мен аударымдар түскен немесе жұмысқа орналасуға дейін берешегі бар (23 %) жалдамалы жұмысшылар.  Қалғандары – МЖӘ шарттары бойынша жұмыс істейтіндер, БЖТ төлеушілер және дербес төлеушілер.

Өткен кезеңдердегі тұрақсыз жарналар мен аударымдар және берешек жоғарыда аталған санаттардағы мәртебенің болмауының негізгі себептері болып табылады. Медициналық сақтандыру пакетінен медициналық көмек алу үшін азаматтың соңғы 12 айдағы жарналары бойынша берешегі болмауы керек. 

– Орта есеппен біздің облыс тұрғындарынан медициналық сақтандыру қорына ай сайын шамамен 4,3 млрд теңге түседі. Сақтандырылмаған азаматтардың осындай санымен (180 мыңнан астам) облысымыздың төлеушілерінен қорға ай сайын 800 млн теңгеден астам қаражат түспейді. Бұл медициналық көмекті қаржыландыруға, демек, оның қолжетімділігін арттыруға және сапасын жақсарту үшін жұмсауға болатын қаражат, – дейді медициналық сақтандыру қорының Қарағанды филиалының директоры Фазыл Копобаев.

Сіз өзіңіздің мәртебеңізді Қордың кері байланыс арналары арқылы тексере аласыз: fms.kz сайты, qoldau 24/7 мобильді қосымшасы, saqtandyrybot телеграм-боты.

Қарағанды медициналық сақтандыру қорының ақпараты бойынша

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.