Ресми
Қарағанды облысында тас жолдың екі учаскесі жабылды
Қарағанды облысында қатты боран мен көктайғақ салдарынан Екатеринбург-Алматы республикалық тас жолының екі учаскесі әлі де жабық. Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындардан абай болуды және аса қажет болмаған жағдайда елді мекендерден тыс жерлерге шықпауды сұрайды.

«ҚазАвтоЖол ҰК» АҚ мәліметінше, боран мен көктайғақ салдарынан «Екатеринбург-Алматы», (0-16 км, солтүстік-шығыс айналма жолы); – «Екатеринбург-Алматы» (1353-1446 км, Ақмола облысының шекарасы – Теміртау қаласы) республикалық маңызы бар автожолдың екі учаскесі әлі ашылған жоқ.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.