Қарағанды облысында Шахтёрлер күні қалай тойланады

Қарағанды облысында Шахтёрлер күні 24 және 25 тамыз күндері тойланады. Мерекелік концерттер Қарағанды, Саран, Шахтинск, Абай, Новодолинский, Долинка және Шахан кенттерінде өтеді, — деп хабарлады облыс әкімінің ресми сайты.


Қарағанды:
23 тамыз күні Орталық мәдениет және демалыс саябағының жағалауында ArtEl ұжымының қатысуымен концерт өтеді.

24 тамызда Орталық мәдениет және демалыс саябағында негізгі мерекелік бағдарлама өтеді. 
14.00-де балалар бағдарламасы басталады. Сахнада қаланың вокалдық және хореографиялық ансамбльдері өнер көрсетеді. Сонымен қатар, балалар «Менің әкем – шахтёр» квестіне қатыса алады. Оларға Қарағандыдағы маңызды ғимараттардың макеттерін пенопласт кубтарынан жинау және анимациялық бағдарламаға қатысу ұсынылады. 
15.30-да «Шахтёр жұлдыздары» вокалдық байқауы басталады. «АрселорМиттал Теміртау» көмір департаментінің қызметкерлері мен Шахтёрлер сахнада өнер көрсетеді.
Сағат 18.30-дан 19.00-ге дейін сахнада «Бачата дэнс» би фестивалі өтеді, одан кейін джаз оркестрі өнер көрсетеді. 
Сағат 19.00-де «Шахтёр даңқы» концерттік бағдарламасы басталады, оның аясында Dream light жарық шоуы ұйымдастырылады, сондай-ақ, «Голос. Дети» жеңімпазы Ержан Максим, «А капелла Априори» және «Ялла» ансамбльдері ән шырқайды. 
25 тамызда сағат 12.00-де мерекелік бағдарламалар Жаңа Майқұдық, Теміржолшылар және «Молодежный» мәдениет үйлерінде де өтеді. 
16.00-де Орталық мәдениет және демалыс саябағының жағалауында  Венгрия, Испания, Сербия және Италиядан келген Jezkiik этникалық музыка фестиваліне қатысушылар өнер көрсетеді. 
Сағат 18.00 — де «Қарағандының жас жылдары» ретро-концерті өтеді.
Шахтинск
Мерекелік бағдарлама 25 тамызда сағат 19.00-де басталады. Мәдениет үйінің алдындағы алаңда Қазақстан эстрадасының жұлдыздары мен Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестік ұжымдары өнер көрсетеді.
Саран 
Саран қаласының тұрғындары мерекені 25 тамызда «Сұңқар» стадионында атап өтеді. 16.30-да «Шахтёрские звездочки» балалар шығармашылық ұжымдарының концерті басталады, одан кейін балалар ойындары, байқаулар мен жарқын кросс өтеді. 
Сағат 18.00-ден 19.00-ге дейін стадионда «Біздің күшіміз бақытты отбасыларда» атты граффити байқауы өтеді. Негізгі концерттік бағдарлама 17.20 басталады. 
Абай
Мұнда Кеншілер күніне арналған концерт 25 тамызда өтеді. Сағат 18.00-де қаланың орталық саябағында «на Шахтерская волне» бағдарламасы және «Саған, сүйікті қаламыз!» әсем-қолданбалы өнер көрмесі ұйымдастырылады. 
Сағат 20.00-де қала тұрғындарын аудандық мәдениет үйінің шығармашылық ұжымдары мен шақырылған әртістердің қатысуымен театрландырылған концерттік бағдарламаға шақырады.
Новодолинский кенті
25 тамызда мереке Новодолинский кентінде де тойланады. Концерттік бағдарлама Мәдениет Үйінде өтеді, басталуы 12.00. 

Шахан
Шахан кентінің мәдениет үйінде мерекелік шаралар сағат 10.00-ден басталады. Сахнада үрмелі оркестр, шығармашылық ұжымдар мен шақырылған әртістер өнер көрсетеді. Сағат 20.00-де кент тұрғындары үшін ҚР Мәдениет және өнер қайраткері Жан Тапин ән шырқайды. Сағат 21.00-де кешкі би басталады.
Долинка
25 тамызда Долинка клубында «Біздің сүйікті ауылымыз ғасырлар бойы даңқың арта берсін!» атты мерекелік бағдарлама өтеді. Басталуы сағат 12.00.