Коронавирус

Қарағанды облысында коронавирус инфекциясының 2 жағдайы тіркелді

Бүгін Қарағанды облысында екі адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны белгілі болды. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

“Қарағанды қаласында тұратын 1961 жылы туған ер адамнан және Абай қаласында тұратын 1996 жылғы әйел адамнан коронавиус инфекциясы анықталды. Олар науқаспен байланыста болғандықтан карантинге алынған. Зертханалық талдау кезінде  COVID-19 диагнозы нақтыланды. Науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. 2020 жылғы 1-мамырдағы жағдай бойынша аймақта инфекцияның 151 жағдайы анықталды, оның ішінде 1 қайтыс болды, 61 науқас жазылып шықты”, – делінген хабарламада. 

Басқа материалдар

Back to top button