АймақБас тақырып
Қарағанды облысында электр энергиясын беру тарифі 7,4 пайызға төмендеді
Қарағанды облысында электр энергиясын беру тарифі төмендегені жайлы Табиғи монополияларды реттеу комитетінің облыстық департаменті хабарлады.

Ведомство мәліметінше, тарифті қайта қарауға қызмет көлемінің артуы себеп болған. Нәтижесінде шығындар оңтайландырылып, тұтынушылар үшін тарифтік жүктеме азайды. Атап айтқанда, «Теміртау Қуат» ЖШС-нің электр энергиясын беру қызметіне тариф ҚҚС-сыз 1 кВт·сағ үшін 4,43 теңгеден 4,10 теңгеге дейін төмендеді. Бұл – 7,42%-ға аз.
Қабылданған шаралар тұтынушылар мен қызмет көрсетуші арасындағы теңгерімді сақтауға және өңірде электрмен жабдықтау қызметінің қолжетімділігін арттыруға бағытталған.
Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz



