Жаңалықтар

Қарағанды облысында бір тәулікте 3 көлік өртенді

Өткен тәулікте Қарағанды облысы ТЖД бөлімшелері 22 рет құтқару жұмыстарына шыққан, оның ішінде өртке және жану жағдайларына – 15 рет, авариялық-құтқару жұмыстарына – 7 рет шығып, 2 адам құтқарылған.

 

Электр сымдарының қысқа тұйықталуына байланысты екі жолаушылар көлігі жанып кетті. Оқыс оқиғалардың бірі – Тәттімбет көшесінде орын алды. «Hyundai» автокөлігінің қозғалтқышының жанғыш бөлшектері, аспаптар панелі және ішкі қаптамасының бөліктері жанып кетті.

Теміртау қаласында да осындай оқыс оқиға орын алып,  көлік өртенген. «Спорттық» тұйық көшесінде тұрғын үйдің ауласында «ВАЗ-2106» автокөлігінің мотор бөліктері жанды.

 

Үшінші оқиға Қарағандыда «Московская» көшесінде «Газель» автокөлігінің жанғыш бөліктері өртенді. Өрт 6 шаршы метрді құрайды. Көлік толығымен жанып кеткен.

Қарағанды облысының ТЖ департаменті автокөлікте өрт қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтауды ұсынады:

– Автокөлікті уақытылы техникалық қызметтен өткізіңіз;

– Электр жүйелерінің жұмыс істеуін үнемі қадағалаңыз;

– Өрт сөндіргішті әрқашан қол жетімді жерде ұстаңыз;

– Қатып қалған бөлшектерді жылыту үшін ашық отты пайдаланбаңыз;

– Көлікте темекі шекпеңіз;

– Қауіпті жүктерді тасымалдау кезінде өте сақ болыңыз.

Төтенше жағдайлардың барлық фактілері бойынша 112 немесе 8 (7212) 43-36-36 , 43-37-37 телефондарына хабарласуларыңызға болады.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button