Бас тақырыпЖаңалықтар

Қарағанды облысында 22 мың оқушы бірінші сыныпқа барды

Қарағанды облысының мектептерінде 1-ші қыркүйекте Білім күніне арналған салтанатты жиынға барды. Олардың бірінде, Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектепте аймақ басшысы Ерлан Қошанов болып қайтты. Ол педагогтар мен оқушыларды оқу жылының басталуымен құттықтады.

– Бүгін 22 мың бала біздің облысымызда бірінші сыныпқа барды, ал 10 мың оқушы биылғы жылы оқуларын тәмамдайды. Барлықтарыңызға сәттілік пен табыс тілеймін! Біздің ұстаздар мен ата-аналарға ерекше алғыс айтамыз, – деді құттықтау сөзінде Ерлан Қошанов.

Сыйлық ретінде робототехника зертханасын сатып алуға бес миллион теңге сомаға сертификат табыс етілді.

Салтанатты жиыннан соң облыс әкімі мектепті аралап шықты. Оған баланың зияткерлік және жеке жетістіктерін дамытуға септігін тигізетін логика кабинетін көрсетті. Сонымен қатар «Ұлытау Аллеясы» макеті бар география кабинеті де назарға ұсынылды. Оның ерекшелігі – онда QR-код орналастырылған, оны сканерден өткізу арқылы оқушылар интерактивті түрде Ұлытаудың әсем жерлерімен таныса алады. 
Сонымен қатар аймақ басшысы оқушылар физика, химия және биология бойынша бірнеше сынақтар жасаған ғылым кабинетімен танысты. 
Экскурсия соңында Ерлан Қошанов мектеп жанында орналасқан интернатты аралап шығып, өзге қалалардан келіп оқитын балалардың жатын орындары жағдайын көріп қайтты.

Барлығы Қарағанды облысында 512 жалпы білім беру мектептері бар. Оның 11-і облыстық мамандандырылған мектеп-интернаттар. 
Барлық мектептерде 190 мыңнан астам балаға білім беріледі. Облыс бойынша мұғалімдердің саны 19 859 адамды құрайды.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button