Бас тақырыпКоронавирус
Қарағанды облысында 11 адамнан коронавирус анықталды
Бүгін Қарағанды облысында 11 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталды. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
“Індетке шалдыққан тұлғалармен байланыста болған 10 адамнан және пневмония диагнозымен пульмонологиялық орталыққа жеткізілген 1 азаматтан коронавирус анықталды. Олар қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтай отырып оқшауланды және тиісті ем алуда. Аймақта індетке шалдыққандардың жалпы саны 76 адамға жетті. Олардың ішінде 1 өлім жағдайы тіркелді. Сондай-ақ, 1 адам сырқаттан сауығып, ауруханадан шығарылды”, – делінген хабарламада.
Айта кетейік, қазіргі таңда облыс аумағында 543 адам стационарлық карантинге, 1640 адам үй карантиніне алынған. Олардың жағдайын медицина қызметкерлері ұдайы бақылауда ұстап отыр.