Бас тақырып

Қарағанды көшесінің біріндегі жол рекордтық мерзімде жөнделді

Қарағандыда алғаш рет қозғалысы қарқынды жол екі күнде жөнделді. Аманжолов көшесінің учаскесінде – Чкалов көшесінен Сейфуллин даңғылына дейін бутанолды пайдалана отырып полимерлі асфальт төсеу әдісімен орташа жөндеу жүргізілді.

Суреттер мен видео облыс әкімдігінің сайтынан

Әдетте мұндай жұмыстар кем дегенде 15 күнге созылатын. Жөндеуді рекордтық жылдамдықпен орындау мамандандырылған техниканы қолданудың арқасында мүмкін болды. Жұмыстарға барлығы 60-қа жуық техника жұмылдырылды, бұл өнімділікті едәуір арттыруға және жұмыстарды орындау уақытын қысқартуға мүмкіндік берді.

Жолдың бұл учаскесі – қаладағы қозғалысы ең қарқынды жолдардың бірі және Қарағанды Саран, Шахтинск, Абай спутниктік қалаларымен байланыстырады. Сондықтан жұмысты жедел орындау аса маңызды болды.

Жөндеу жұмыстары басталғанға дейін облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев мердігермен кездесіп, жөндеуді кешіктірмеуді тапсырды. Жол салушылар өз кезегінде жұмысты демалыс күндері екі тәулікте аяқтауға дайын екендерін хабарлады.

– Сіздер жұмысты өте тез орындайтындарыңызға қарамастан, сапаға қатысты да шағымдар болмауы керек. Техникалық бақылау өкілдері барып, тексеруі тиіс, – деді облыс әкімі.

Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button