Қарағанды көшелері мен ғимараттарын дезинфекциялауға әскерилер көмектеседі
Қарағанды көшелерін, ғимараттарды және нысандарды әскери қызметкерлер дезинфекциялайды. Қорғаныс Министрлігі қалалық билікке көмек ретінде радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс бөлімшелерінің сарбаздарын жіберді. Жұмыстар 26 наурызда басталады. Бүгін теміржол және автовокзалды өңдеу жоспарланған.
Облыстағы эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Коронавирустық инфекцияның жаңа жағдайлары тіркелген жоқ. Екі пациент емдеу курсын алуды жалғастыруда.
Тәулік бойы бақылау жасайтын карантинде 314 адам бар. Бұл – 1А санатындағы елдерден оралған немесе шартты түрде жұқтырған адамдармен байланыста болған азаматтар. Тағы 152 адам үй жағдайында карантиннен өтуде.
Облыста 9000 астам нысанда санитарлық-дезинфекциялық режим күшейтілді. Міндетті қауіпсіздік шараларының орындалуы қадағаланады. Тәртіп бұзушылықтар нысандардың қызметін тоқтатуға дейін қатаң жаза қолдану арқылы жойылуда.
Тәртіп бұзушыларға қатысты полицейлер сотқа 45 әкімшілік іс тапсырды. 12 дерек бойынша кінәлілер айыппұл төлейді. 5-і әкімшілік қамауға алынды. Қалған 28 іс алдағы күндері қаралатын болады.