АймақБас тақырып

Қарағанды өңірінде +35 градусқа дейін күн ысиды

Қарағанды облысында 9 маусым күні ауа температурасы +35 градусқа дейін көтеріліп, жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады. Осыған байланысты синоптиктер тұрғындарды сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырып отыр.

Суретті түсірген Жангелді Әбдіғалым

«Қазгидромет» мәліметінше, өңірде аптап ыстық сақталып, құрғақ ауа райы өрттің шығу және таралу қаупін артады. Мамандар ашық от жақпауға, құрғақ шөп пен қоқыс өртемеуге кеңес береді.

Жалпы, бүгін Қазақстанның 17 өңірінде қолайсыз метеорологиялық құбылыстар күтіледі. Бірқатар облыста найзағай, нөсер жаңбыр, бұршақ, дауыл, шаңды дауыл және қатты жел болжанған. Кей өңірлерде жел екпіні секундына 25-28 метрге дейін жетуі мүмкін.

Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button