Кеше, 14 шілде күндізгі сағат 12.00 шамасында Ақшатау кентінен 30 шақырым жерде «Алматы-Екатеринбург» тасжолында Қарағанды қаласына бара жатқан автобус пен «Тойота Естима» көлігі соқтығысқан.
Салдарынан «Тойота Естима» автокөлігінің 4 жолаушысы және автобустың бір жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды.
11 адам әртүрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz
Видео: облыстық ПД