АймақЖаңалықтарТеміртау

Қар құрсауында қалғандарға қамқорлық танытты

Кеше, 8 қаңтарда Қарағанды облысында ауа-райының қолайсыздығығына байланысты  республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көліктің барлық түрлері үшін  қозғалыс шектелгенін жазған болатынбыз.

Суреттер: Теміртау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен

Теміртау әкімдігі жергілікті кәсіпкерлермен және еріктілермен бірлесіп, қар құрсауында қалған автокөлік жүргізушілеріне су мен тамақ жеткізуді ұйымдастырды.  Қалааралық трассалардың жабық учаскелерінде, соның ішінде «Екатеринбург-Алматы» автожолында, ақы алу пунктінің жанында, Теміртау маңында қалған жолаушыларға қала әкімдігі азық-түлік тасымалдауды жедел ұйымдастырып,  ауыз сумен қамтамасыз етті.

Бұл жағдайға  демеушілік көмекті қала кәсіпкерлері көрсеткен. Ал, автокөлік жүргізушілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін полиция мен құтқарушылар тәулік бойы қызмет атқарды. ТЖД және ТЖМ әскери бөлімінің күштерімен облыстың автожолдарынан 200-ге жуық адам эвакуацияланды.  

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button