Руханият
Арқа жұрты Сейілін еске алады
«Жас қалам», «Таң самалы», «Бала махаббат», «Жіберілген хат», «Қандай сұлу дүние» және тағы да басқа әуезді әндерімен қара орман қазақтың ыстық ықыласына бөленген белгілі әнші Сейіл Аяғанның фәниден бақиға озғанына да жылға жуықтап қалыпты.

Осы орайда, жеті шекті гитараның сиқырлы тілін шебер меңгеріп, қазақша сөйлеткен аяулы әншіні еске алу мақсатында «Сұлу ән саған адалмын» атты әдеби-сазды кеш өтпек. 21-желтоқсан «Жаңа Майқұдық» мәдениет үйінде өтеді деп жоспарланып отырған еске алу кешіне ғұмыры әнге айналған әншінің өнердегі аға-бауырлары, зиялы қауым өкілдері қатысады деп күтілуде.
Сейіл сері салған сырлы әндерді сағынсаңыз, 21-желтоқсан, сағат 19.00-де өтетін еске алу кешіне келіңіз, ағайын!
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ