Андрейдің асуы

«Қазақмыс» корпорациясы» Тау-кен кешенінің «Балқаштүстімет» ӨБ «Саяқ» кенішінде өзінің еңбек қызметін жұмысшыдан бастаған, үйрене жүріп білім алып, өзін жақсы жағынан көрсете білген және мансап сатысымен жоғары көтерілген мамандар аз емес. Осындай білікті мамандардың бірі, энергетикада 27 жыл жұмыс өтілі бар, «Саяқ» кенішінің бас энергетигі – Андрей ЗОРИН.

1993 жылы Андрей Зорин Саяқ кенішінің «Саяқ-I» карьеріне 3 санаттағы жабдықтарды жөндеу жөніндегі электр слесарі болып жұмысқа кіріскен. Кеніште жұмыс істей жүріп, ол Балқаш гуманитарлық-техникалық колледжінде сырттай оқып, техник-электр механик дипломын алды.

Айта кету керек, кейіпкеріміз Саяқ кенішінің барлық учаскесінде жұмыс істеді. Оның ішінде, шахта бетіне қызмет көрсету учаскесінің энергетигі, «Саяқ-I» шахтасының электр механигі, «Саяқ-III» шахтасының энергетигі, содан кейін кеніштің бас энергетигінің орынбасары болды, ал 2007 жылы Саяқ кенішінің бас энергетигі болыптағайындалды. Андрей Зорин қай жерде жұмыс істесе де, әрқашан жоғары сапалы жұмысты қамтамасыз етеді. Жұмысшылардың өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелерін сақтауына баса назар аударды. Жастарға тәлімгер бола білді. Қазіргі уақытта кеніш учаскелерінде оның шәкірттері, әріптестері Ринат Ағылшанов, Абылай Төкенов, Николай Стариченков жұмыс істейді. Олар өндірістегі басты міндеті – бүкіл кәсіпорынға электр энергиясын үздіксіз беруді асқан шеберлікпен орындап жүр.

Кеніштің электр шаруашылығы өте кең: 17 қосалқы станция, шамамен 6 шақырым карьерішілік желілер, шамамен 8 шақырым шахтаішілік кабельдік желілер. Жедел ауыстырып қосуды, тіректерді жылжытуды, жоғары вольтты жабдықпен жұмысты кеніштің энергия қызметінің қызметкерлері жүзеге асырады. Сондықтан да, қызметте жұмыс істейтіндердің барлығы (80 адамнан астам) жоғары деңгейдегі, арнайы білім алған мамандар.

– Біздің әрбір маман бірегей. Ұжымның негізі – кәсіпорында мол тәжірибесі бар және кәсіби деңгейі жоғары қызметкерлер. Кеніштегі электр жабдықтарын олардың қатысуынсыз ешбір ірі жаңғырту мүмкін емес, – дейді Андрей Зорин.

Ләззат СМАҒҰЛОВА.

БАЛҚАШ қаласы.