Руханият

«Қамқоршысы баланың»

Қалалық «Балапан» балабақшасының ұжымы Наурыз мейрамын жоғары деңгейде атап өтті. Мерекелік шаралар жоспары құрылып, бөбекжайда қазақтың ұлттық тағамдары ұсынылды.

Бүлдіршіндер Наурыз жайында өлеңдер айтты, педагогтермен «Сиқырлы сандық» шеберлік сабақтарын өтті. Ата-аналар мен балаларды киіз үйдің қасында педагогтер тәттілермен қарсы алып, киіз үй туралы кеңінен мәлімет берді. Наурыз кейіпкерлері Алдар көсе, құлыншақ және Мыстан кемпір балалармен ұлттық ойындар ойнап, көңіл-күйлерін көтерді. Сонымен қатар, тәрбиеленушілер ұлттық ойындарға қатысып, жан-жақтылықтарын көрсете білді.

Наурыз мейрамы аясында қалалық «Үздік жас тәрбиеші» байқауының екінші кезеңі «Алтын сақа» балабақшасында өтті. 13 қатысушы байқаудың 2-кезеңінде видеосабақ және шығармашылық тапсырма орындады. Байқау мектепке дейінгі білім беру мекемелері жас тәрбиешілерінің өзін-өзі танытуы және шығармашылық әлеуетін арттыруды көздеді. Педагогикалық мамандықтың беделін және әлеуметтік қажеттілігін жоғарылатуға, кәсіби қарым-қатынастың жаңаша түрлерін анықтау, педагогикалық идеялармен, жобалармен, педагогикалық шығармашылықтың нәтижелерімен алмасу мақсатында өткізілді. «Балақай» балабақшасының жас маманы Калимат Жұманбай І орын иегері атанды. Педагог байқауға балаларды мейірімділікке тәрбиелеу мақсатындағы жобасын ұсынды.

Анар ЖАЙЛАУБАЕВА,

«Балақай» балабақшасының тәрбиешісі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button