Жаңалықтар

Алты құрлықтан – Астанаға

      Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесіне Малайзия Премьер-министрі де келеді.

    Жуырда «ЭКСПО» ұйымдастырушылар кеңсесінде «Астана ЭКСПО – 2017» ұлттық компаниясының Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов Малайзия ұлттық секциясының комиссары Доктор Зайни Бин Уджангамен кездесті.

    Тараптар көрмеге әзірлік барысын және техникалық мәселелерді талқылады.

    Доктор Зайни Бин Уджанг ұсынылған павильон және осындай деңгейдегі халықаралық шараға қатысу мүмкіндігі үшін алғысын білдірді. Сондай-ақ, көрмеге Малайзия Премьер-министрі Набжиб Тун Разак келетіндігін жеткізді.

    Кездесу соңында А.Есімов «ЭКСПО – 2017» көрмесіне қатысуы барысында малазиялықтарға барынша қолдау білдіретіндігін айтты. Соңынан Малайзия ұлттық павильонының табысталуы жөнінде құжаттарға қол қойылды.

Қуаныш АМАНҚҰЛОВ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button