Ресми

Алтай Көлгінов Президентке Үкімет жастарды жұмыспен қалай қамтитынын айтты

Үкіметтің кеңейтілген кеңесінде Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгінов биыл 200 мың жастың жұмыспен қамтылатынын айтты, деп хабарлайды ortalyq.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

– Болжам бойынша жыл сайын еңбек нарығына 300 мың жас маман келетін болды. Оларды жұмыспен қалай қамтамасыз етеміз? Бұл мәселе бойынша арнайы бағдарлама бар ма?, – деп сұрады Президент Үкіметтің кеңейтілген кеңесінде.

Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгіновтің сөзінше, биыл наурыз айында тұжырымдама қабылданған.

– Биылдың өзінде 200 мың жас жұмыспен қамтылады. Бұл жаңағы «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны», сонымен бірге шағын несиелер. Сондай-ақ ұжымдармен бірге бос жұмыс орындарына жастар жіберілетін болады, – деді вице-Премьер.

Айта кетейік, Үкімет үйінде Президент төрағалығымен елдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өтіп жатыр.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button