Жаңалықтар

Алтай Көлгінов Үкімет басшысының орынбасары лауазымына қайта тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Алтай Сейдірұлы Көлгінов Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды.

Сурет: Ашық дереккөз

Алтай Сейдірұлы Көлгінов 1978 жылы 15 қаңтарда дүниеге келген.

Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын, «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның Абердин университетін бітірген. Мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі, халықаралық коммерциялық құқық магистрі.

2001-2008 жылдары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және Бас прокуратура органдарында әр түрлі лауазымда қызмет атқарады.

2008-2010 жылдары жеке меншік компанияда қызмет етті.

2010-2012 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің аумақтық-ұйымдастыру және мемлекеттік бақылау жұмыстары бөлімінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарды.

2012-2013 жылдары – Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.

2013-2016 жылдары Орал қаласының әкімі қызметінде болды.

2016-2019 жылдары Батыс Қазақстан облысының әкімі болды.

2019 жылғы маусымнан 2022 жылғы желтоқсан аралығында – Астана қаласының әкімі.

2022 жылғы 9 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Премьер-Министрдің орынбасары болып тағайындалды.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button