Алда – ауқымды істер

    Бұқар жырау ауданында Қарағанды кешенді қорытпалар өндіру зауыты салынады. Бұл жөнінде Бұқар жырау ауданының әкімі Нұркен ҚОБЖАНОВ ай­мақтық коммуникация­лар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Оның айтуынша, «Сарыар­қа» арнайы экономикалық ау­ма­ғында 73 млрд. теңгені құрайтын 1000-ға тарта жұмыс орынын ашуға мүмкіндік бе­ре­тін зауыттың ірге тасы қа­ланбақшы. Ауданда көмір, барит концентратының, мыс ру­дасының қоры мол. Сонымен қоса, ауданда жер қойнауынан алы­натын шикізат та жеткілікті. Атап айтқанда, компаниялар әктас, құры­лысқа қажетті құм мен қиыр­шық тастарды өнді­румен айналысады.

2016 жыл аудан үшін та­бысты жыл болыпты. Өнер­кәсіп кешені, аумақтағы кәсіп­ор­ындардың, орта және ша­ғын бизнестің кірісі кө­бейіп, аудан­ның экономикалық өсімі артып, 2,5 млрд. теңгені құраған. Өңірдің өркендеуіне үлес қосып отырған 2703 шағын кәсіп субъектілері құны 11 млрд. 311 млн. теңгені құрайтын өнім өн­дірген. Сонымен қатар, аудан ау­мағында республикалық әлеу­еттік қаржылай көмек көр­сететін «Өрлеу» қанатқақты жобасы қолға алынған. Өткен жылы «Өрлеудің» «Келісілген ақшалай көмек» жобасына 6 отбасы қатысқан. Бұған жергілікті бюджеттен 880 мың теңге бөлінген. Биылғы жылы аталмыш жобаға 1 млн. 960 мың теңге қарастырылған. Елбасының отандық өнімді өндіруді ұлғайта түсу туралы тапсырмасына орай, үстіміздегі жылы ірі қара мал етінің экспорттық әлеу­е­тін арттыру және ет-сүт өң­деу орталығын құру ісі қолға алынған. Ауыл шаруа­шылығы саласында кооператив құру бойынша жұмыстардың атқарылып жатқандығы бар.

Журналистер қойған сұрақ­тарға толымды жауап қайырған Н.Қобжанов алдағы кезеңде іске асыратын жұмыстарды да құ­лағдар етті.

Нұрдос КӘРІМ

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.