Ресми

Қаламгер – құрмет құшағында

Аймақ басшысы Ермағанбет Бөлекпаев ҚР Құрметті журналисі, Қарағанды облысының Құрметті азаматы, этнограф-жазушы, Ortalyq Qazaqstan газетінің ардагері Төрехан Майбасты қабылдап, 70 жас мерейтойымен құттықтады.

Суреттерді түсірген Жангелді Әбдіғалым

– Сізді мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймын!

Арқа журналистикасы, Қарағанды өңірінің баспасөзі дегенде тіл ұшына алғашқылардың бірі болып оралатын қаламы қарымды журналист, дарынды қаламгер екеніңізді жақсы білеміз. Сіздің журналистика мен әдебиеттің дамуына қосқан үлесіңіз ұшан теңіз. Сіз 20-дан астам кітаптың авторысыз. Мұның бәрі бүгінде ел игілігіне айналып үлгерген атаулы еңбектер. Талай жас журналистер буынын тәрбиелеген өзіңізге зор денсаулық, сарқылмас қуат пен амандық тілеймін, – деді кездесуде Ермағанбет Бөлекпаев.

– Мен өз өмірімді журналистикаға арнағаныма қуаныштымын, үнемі өз материалдарымда өткір әлеуметтік мәселелерді көтердім. Еліміздің әрбір азаматы мемлекет пен халықтың игілігі үшін қызмет етуі тиіс деп санаймын. Өз Отанын, отандастарын шын жүректен сүю – бұл өз жұмысын сапалы орындау, жаныңды салып еңбек ету. Маған көңіл бөліп, құрмет көрсетіп жатқандарыңызға рақмет, – деп ризашылығын білдірді мерейтой иесі.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button