АймақБас тақырыпҚарағанды

Қалааралық автобустар тоқтады

Ауа-райының нашарлауына байланысты №3 автопарк қала маңындағы және қалааралық автобустардың қозғалысын тоқтатты. Олар № 121, 122, 127, 146, 165 және 107 автобустар.

Суретті түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Қарағандыда және облыс бойынша бүгін, 14 ақпанда тағы да ауа райының қолайсыздығы байқалып тұр.
Естеріңізге сала кетейік, Қазгидрометтің мәліметінше, 14-16 ақпан аралығында облыстың басым бөлігінде ауа температурасының күрт төмендеуі 33-38 градус аяз күтілуде.

– Автобустар қозғалысының қайта басталуы туралы қосымша хабарлаймыз. ONAY! және «Умный транспорт» мобильді қосымшалары бойынша желіде автобустардың бар-жоғын бақылап отыруды ұсынамыз, – дейді №3 автопарк мамандары.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button