Қала әкімінің гранты табысталды
Бүгін өз ісін ашуға және дамытуға 10 қарағандылық жас кәсіпкер Қарағанды қаласы әкімінің грантына ие болды.
Гранттарды қалалық мәслихат төрағасы Алтынтөре Жангелдіұлы, Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Дастан Аманкелдіұлы, қалалық жастар ресурсы орталығының директоры Якуб Джамалов тапсырып, конкурсқа қосқан жобалардың үлкен бизнеске айналуын тіледі.
Айта кетейік, Қарағанды қаласы әкімінің жастар арасындағы кәсіпкерлікті дамытуға және қолдауға арналған гранты үшінші жыл беріліп отыр.
Жеңімпаздар 3D-принтер арқылы ерекше қажеттіліктері бар адамдарға протез жасау, STEAM заманауи және инновациялық әдістемесі бар IT-мектеп, гипс бұйымдарын шығаратын өндіріс орны, ерекше балаларға арналған «Сезин» инклюзивті шығармашылық орталығын ашу, «Blackjump» фитнесстудия секілді жоба-жоспарлар ұсынған.
Сонымен, биылғы қала әкімінің 1 500 000 теңге грантын төмендегі жас кәсіпкерлер алды:
1. Ермоленко Александр Сергеевич
2. Балтабаев Ғабыләлі Айдаржанұлы
3. Ежебаева Шолпан Есенгельдыевна
4. Субботин Антон Юрьевич
5. Аблаева Фатима Бериковна
6. Какабаев Суйндык Мейржанович
7. Төлегенова Жазира Дәрібайқызы
8. Нургазы Мулдир Уалиханкызы
9. Аманкелдиева Қарақат Бауыржанқызы
10. Арыстанова Диана Мухамеджановна
Мақаланың толық нұсқасын газеттің алдағы санынан оқи аласыздар.
Қасымхан БҮРКІТҰЛЫ,
Ortalyq.kz