Жаңалықтар

Алғашқы алтын – қоржында

      Ел құрамасы Жапонияның Саппоро қаласындағы VІІІ Қысқы Азия ойындарының үшінші жарыс күнін (21 ақпан) төртінші сатыда тәмамдады. Қоржында – 1 алтын, 2 күміс, 1 қола жүлде.

Сейсенбі күні қазақстандықтар ал­ғашқы алтынға қол жеткізді. Шаңғышы Ринат Мухин 15 шақырымдық бәсекеде қара үзді.

1000 метрге созылған конькишілер сынында Денис Кузин күмістен алқа тақты. Сондай-ақ, осы күні Елена Коломина қола медальді қанжығалады. Бұдан бір күн бұрын осы Коломина күміс­пен күптелген еді.

Ал, жалпыкомандалық есепте жарыс қожайындары көш бастап келеді. Жапондардың еншісінде – 23 медаль. 8 алтын, 8 күміс және 7 қола медаль иеленді.

Екінші орында – Оңтүстік Корея. Корей түбегінің өкілдерінде 20 медаль (6 алтын, 7 күміс, 7 қола). Үздік үштікті шығыстағы көршіміз Қытай елі түйіндеді. Қытайлар 5 алтын, 3 күміс және 5 қоланы олжалады. Бізден кейін Катар құрамасы орын тепті. Оларда жалғыз алтын бар.

Сөйтіп, ақ Азиаданың үш күнінде қатысушы 29 елдің арасында, тек, 5 мемлекет спортшылары жүлдегер атанды.

Конькиші жерлесіміз Екатерина Ай­дова, әзірге, жүлдесіз. Катя 1000 метр­лік жарыста сегізінші нәтиже көрсетті. Бұйыртса, 1500 және 500 метрлік қашықтықтарда сынға түседі.

Азиада 26 ақпанда аяқталады.

Нұрқанат ҚАНАФИН

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button