Ресми

Алға, Жаңа Қазақстан! Артыңа қарайлама енді!

Жаңа Қазақстан биылғы жаңа жылының күнтізбесін қара бұлтты серпіп, төбеден жаңа Күн шыққандай парақтап жатыр! Қаңтар қырғынынан бері Атыраудан Алтайға дейінгі аймақта жауабы жоқ сауалдар кезіп жүр еді, бүгін сол сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, көңілдегі көп күдіктен арылып, болашаққа нық сеніммен қарайтын күн туды! Қаңтар оқиғасы – біреулер айтып жүргендей халықтық көтеріліс емес, Ескі Қазақстанның Жаңа Қазақстанға қарсы ерегісінен туған есерсоқ, жөнсіз оқиға екеніне шынайы обьективтік баға берілді!

Ел отыз жыл бойы халықтың қазынасын ұрлап-жырлағандардың заң алдында тік тұрып жауап беретін күнін демін ішіне тартып күтіп отыр! Олардың тізгінұстары кім? Елді адастырғандардың аты-жөні қашан аталады? Бұған тергеу органдары нақты жауап берген күні Жаңа Қазақстанның іргесі мықты, жүрер жолы құтты болатынына біздің сеніміміз кәміл!

Алға, Қазақстан! Артыңа қарайлама енді! Сенің дүниежүзілік өркениеттің асқақ төрі күтіп тұр!

Серік АҚСҰҢҚАРҰЛЫ,
Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегері

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button