Жаңалықтар

Айыппұл арқаламас үшін…

6-шы наурыздан бастап Қазақстанда «Ұсақ бұзақылық» бабы бойынша, оның ішінде қоғамдық орындарда балағат сөз сөйлегендерге жаза күшейтілді. Бұл құқық бұзушылық үшін айыппұлдар айтарлықтай өсті. Қарағанды әкімшілік соты осы бап бойынша қанша қылмыстық іс қаралғаны туралы баяндады.

Сурет: otvet.mail.ru

«Ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиiсу, тұрғын үй-жайларды қорлау және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер» – әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабына жатады.

Қоғамдық орындарда балағат сөздер айтқаны үшін айыппұлдар 4 есе өсті. Бұрын бұл құқық бұзушылық үшін 5 АЕК (17 250 теңге) мөлшерінде айыппұл салынып немесе 15 тәулікке қамауға алынса, қазір жаңа Заң бойынша айыппұл мөлшері 20 АЕК (69 мың теңге) құрады немесе 15-тен 30 тәулікке дейін қамауға алынады.

Наурыз айының басынан бастап сотқа «Ұсақ бұзақылық» бабы бойынша 9 іс келіп түскені хабарланды. Оның ішінде қоғамдық орындағы балағаттық үшін – 5 іс. Бұзақыларға 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Жаза қолданыла бастағаннан бастап, қоғамдық орындарда балағат сөз сөйлейтін адамдар қатары азая бастағаны баршамызға белгілі.

Әрбір қарағандылық қалалық қоғамдық көліктегі жанжалдардың куәсі болған шығар. Бірақ жанжал шығарған адам жазалануы үшін оқиғаның куәгерлері немесе жолаушылардың мәдениетсіз мінез-құлқы бейнежазбаға түсуі керек.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button